«Мені «юбка киген Махамбет» деп айтады»: Айгүл Иманбаева жалғыздықтың азабын тартқанын айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Ол өз сөзінде ер адамдар өзін әйел заты ретінде емес еркек ретінде көріп, бәсекелесетінін қозғап өтті

Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva

Әнші, актриса Айгүл Иманбаева «Әйгерім Сейфолланың сырласуы» бағдарламасына берген сұхбатында өмір бойғы жалғыздықтың азабы өзіне қатты батқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол өз сөзінде ер адамдар өзін әйел заты ретінде емес еркек ретінде көріп, бәсекелесетінін қозғап өтті.

«Жалғыздықтың бір кісідей азабын тарттым десем артық болмас. Құрбым мені «юбка киген Махамбет» деп айтады. Бүкіл достарым «еркексің» деп сөйлейді. Әйелдік энергиямның жоғалғаны соншалықты, еркек достарым мені әйел деп қабылдамайды. Ал жұмыспен бір ер адамға барсаң, олар сенімен кәдімгідей бәсекелеседі. Жұмыс бойынша сөйлесіп отырсам, менімен жарысады. Менімен еркекше сөйлеседі, әйелдік құрмет болмайды. Былайша айтқанда, еркекпен әңгімелескен сияқты аузында толған боғымен сөйлесіп отырады. Мен сондай ортада көп жүрдім.

Кейін ойлап қарасам, қателік ол еркектердің мені еркек деп қабылдағанында емес. Ол менің ішімде болып жатқан проблема. Былай қарасам, әйелдің козері де, әйелдің әйелдігі де нәзіктігі мен еркелігінде екен», - дейді Айгүл Иманбаева.