Германия канцлері Қазақстанға 2024 жылдың 16-17 қыркүйек күндері келеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ақорда мәліметінше, Германия канцлері Қазақстанға 2024 жылдың 16-17 қыркүйек күндері келеді.
«Сапар аясында Астанада жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ «Орталық Азия + Германия» форматындағы екінші кездесу өтеді» - делінген хабарламада.