Жаңбыр, найзағай, аяз: 5-7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Автор: Молдатай Сымбат

«Қазгидромет» РМҚ Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталатынын хабарлады

Фото: freepik.com

«Қазгидромет» РМҚ 5-7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктер болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, республиканың солтүстігі мен шығысын қатты жаңбыр жауады.

«Республика бойынша түнде және таңертең солтүстік және шығыс аймақтарда тұман түседі, топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болады», - деп хабарлады «Қазгидромет» РМҚ.