Конго Республикасы қазақстандық мұнай-газ компаниясының өз кен орындарын игеруге қатысу мүмкіндігін қарастыруда
«ҚазМұнайГаз» Конго республикасында кен орындарын игеруі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС сарапшылары Конго кен орындарының сипаттамаларын зерделеу және кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемелерін жүргізу бойынша қызметтерді ұсынды», - деп хабарлады компания.
4 тамызда Қазақстан мен Конго мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Конго Республикасы - Африкадағы мұнай-газ саласының үшінші ірі ойыншысы.