Өзгерістер жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін cf0nfkfls
Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты 11 автобус бағыты қозғалыс тәртібін өзгертті. Бұл туралы City Transportation Systems ЖШС мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Компания жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін бағыт сызбалары уақытша өзгертілгенін айтты.
«Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №№ 2, 3, 11, 14, 21, 32, 48, 50, 57, 60, 66 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.