Дуровтың босап шыққаннан кейін Париж көшесінде жүрген фотосы тарады

Автор: Azattyq Rýhy

Оның жанында өзінен 15 жасқа кіші қалыңдығы болған

Фото: instagram.com/parismatch

Француздық Paris Match басылымы Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың Парижде ұсталғаннан кейінгі алғашқы фотосуреттерін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Суреттерде қара киім мен қалпақ киіп, көзілдірік таққан Дуровқа ұқсайтын адам жас әйелмен бірге Елисей алқаптарын аралап жүргені көрінеді.

Журналистер Дуровтың жанындағы серігі Юлия Вавилова деп жазады, бұл өзінен 15 жас кіші кәсіпкердің қалыңдығы. 24 жастағы ресейлік Дуровпен бірге Қазақстанға, Қырғызстанға және Әзірбайжанға сапарлары кезінде де көрінді.

Фотосуреттер Дуров 28 тамызда бес миллион еуро кепілақымен босап шығып, Франциядан кетуге тыйым салынғаннан кейін түсірілген.