Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Azattyq Rýhy

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 2 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдер әлі де ауа-райының тұрақсыз сипатын сақтайды: найзағаймен жаңбыр жауады, елдің шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде антициклон сілемінің әсерінен-жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. ҚР солтүстік-батысында, солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақмола, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус аяз күтіледі.

Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан облысыныңбатысында, Атырау облысының орталығында, шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.