Ақтөбеде заңсыз жүрген Ауғанстанның 15 азаматы ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

11 шетелдік елордалық университеттің студенттері екені анықталды

Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

Ақтөбеде заңсыз жүрген Ауғанстанның 15 азаматы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында полицейлер мен шекарашылар Қарабұтақ елдімекені маңында Самара-Шымкент тас жолында шетелдіктер мінген үш көлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде Ауғанстанның 15 азаматының виза мерзімі өтіп кеткені анықталды.

Ал тағы бесеуінде тексеру кезінде төлқұжат мүлде болмаған. Барлық жағдайларды анықтау үшін олар көші-қон қызметі басқармасына жеткізілді. 11 шетелдік елордалық университеттің студенттері екені анықталды, қалғандары елімізге жұмыс визасымен келген.

Полиция департаменті елімізде заңсыз жүрген шетелдіктер туралы мәліметке ие азаматтарға 102 телефонына хабарласуды сұрайды.