Ол мамыр айының «Үздік бапкері» жүлдесін жеңіп алған болатын
«Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері Дмитрий Парфенов өзара келісім бойынша қызметінен кетті. Бұл туралы футбол клубының әкімшілігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«49 жастағы ресейлік маман маусым басында «Ақтөбенің» тізгінін ұстап, команданы турнирлік кестедегі екінші орында қалдырып барады. Сондай-ақ Парфеновтың басшылығымен «Ақтөбе» Қазақстан Кубогінің финалына шықты. Мамыр айының «Үздік бапкері» жүлдесін жеңді», - делінген ақпаратта.
«Ақтөбе» футбол клубы Дмитрий Владимировичке зор алғыс білдіре отырып, ілгергі мансабына мол табыс тілейді.