1,7 млн оқушы мектептерде тегін тамақтанумен қамтылады
Еліміздегі білім мекемелеріне буллингке қарсы жаңа сабақ енгізіледі. Бұл туралы Azattyq Rýhy Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Оқу бағдарламасына буллингке қарсы іс-шаралардың бірі - «Қауіпсіздік сабағы» енгізілуде. Мұның барлығы отандық білімнің сапасын арттыруға, балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта құруға бағытталған», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, колледждерде оқитын 300 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы 50%-ға артты. 1,7 млн оқушы мектептерде тегін тамақтанумен қамтылады.
87 мың қазақстандық оқушы оқу жылын жаңа мектептерде қарсы алуда. Жалпы 2024-2025 оқу жылы 536 мың оқушы орнына арналған 302 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.