01.09.2024, 11:28
Жаңалықтар
Қаза тапқан кеншілердің отбасыларына барлық көмек көрсетіледі – ШҚО әкімі
Арнайы комиссия қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтауда
Фото: istockphoto.com
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев қаза тапқан кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ШҚО әкімі Ертіс шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына барып, көңіл айтты. Жұмысшылардың екеуі - «Шығыстүстімет» ЖШС қызметкерлері, екеуі - мердігер ұйымдардың қызметкерлері, тағы бір жұмысшы зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.
Өңір басшысы Ермек Көшербаевтың айтуынша, қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі, бұл үшін ШҚО-да жедел штаб құрылған.
Қазір арнайы комиссия қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтауда.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
