Астанада Түркістан көшесінің бір бөлігі жабылады

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған учаскеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Астанада Түркістан көшесінің бір бөлігі жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елорда әкімдігінің ресми сайтында жарияланғандай, Түркістан көшесі бойынша Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейінгі учаскеде жол төсемінің үстіңгі қабатын салу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Осыған байланысты 31 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.