Рыбакинаның бұрынғы тәлімгері WTA жаттықтырушылар тізімінен шығарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бір апта бұрын теннисші Хорват маманымен ынтымақтастықтың аяқталғанын жариялады

Фото: instagram.com/lenarybakina

Қазақстанның бірінші ракеткасы  Елена Рыбкинаның бұрынғы тәлімгері WTA жаттықтырушылар тізімінен шығарылды. Бұл туралы атақты спорт журналисі Крейг Шапиро айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сенімді дереккөздер маған Стефано Вуковтың WTA жаттықтырушыларының ресми тізімінен шығарылғанын айтады, бұл турда жұмыс істеуге тыйым салуды білдіреді», – деп жазды Шапиро Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Бір апта бұрын US Open басталмас бұрын Елена Рыбакина бес жыл бірге жұмыс істегеннен кейін хорватиялық жаттықтырушы Стефано Вуковпен ынтымақтастықтың аяқталғанын жариялаған еді.