Каспий теңізіне 47 жастағы ер адам батып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға бүгін таңғы сағат 9:54-те болды

Фото: istockphoto.com

Ақтауда «Алау» балалар лагерінің маңындағы жағалауда ер адам батып кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға бүгін 30 тамыз күні таңғы сағат 9:54-те болды. Оқиға куәгерлері 1977 жылы туған ер адамның мәйітін тауып алып, судан шығарған.

«Ол суға түсуге тыйым салынған аймақта суға түскен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады өңірлік құтқарушылар.