Қазақстандық банк Ресейге ақша аудару жүйесінің жұмысын тоқтатты

Автор: Azattyq Rýhy

Қалпына келтіру мерзімі әзірге белгісіз

Фото: istockphoto.com

Қазақстандық Freedom Bank «Золотая корона» төлем жүйесі арқылы ақша аудару мүмкіндігін тоқтатты. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Несиелік ұйымды қолдау қызметі аударымдар мүмкіндігін қалпына келтіру мерзімі белгіленбегенін нақтылады.

«Банк талдау жүргізу мақсатында осы серіктестен қосымша ақпарат күтеді, оның нәтижелері бойынша одан әрі қадамдар туралы шешім қабылданады», - деп атап өтті банктің баспасөз қызметі.

Айта кетерлігі, осы аптада қазақстандық «Центркредит» Банкінің (ЦКБ) мобильді қосымшасында Android операциялық жүйесі үшін «Золотая корона» төлем жүйесі арқылы қаражат аудару функциясы біраз уақытқа тоқтап қалғаны хабарланды.