Бұл туралы ол отандық телеарнаға берген сұхбатында айтты
Дзюдодан ұлттық құрама көшбасшысы, Париж Олимпиадасының алтын медаль иегері Елдос Сметов Лос-Анжелесте өтетін Олимпиадаға дайындалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық арнасына берген сұхбатында спортшы келесі Жазғы Олимпиада ойындарына да қатысуға ниетті екенін айтты.
«Осы уақытқа дейін Олимпиада алтынын алып, спорттағы карьерамды аяқтағым келді. Алайда Демеу Жадыраев 34 жасында Олимпиада ойындарында күміс медаль алғаннан кейін ойым өзгерді. Демеу мүмкін емес дүние жоғын дәлелдеді. Лос-Анжелесте өтетін Олимпиадаға дайындалып, көк туымызды тағы да биікке көтергім келеді», - дейді Елдос Сметов.