Қазақстанда тағы бір ақылы жол пайда болады

Автор: Молдатай Сымбат

Құжатқа сәйкес, Балқаш қаласынан Тасарал ауылына дейінгі бағыт ақылы болады

Фото: motor.kz

«Ашық НҚА» порталында Көлік министрінің «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) Балқаш – Бурылбайтал ақылы негізде пайдалану туралы» бұйрығының жобасы шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

​Құжатқа сәйкес, Балқаш қаласынан Тасарал ауылына дейінгі бағыт ақылы болады. 91 км жол үшін мынадай тариф белгілеу жоспарлануда:

  • жеңіл автомобильдер үшін - 300 теңге;
  • 16 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіші 2.5 т жүк көліктері үшін — 740 теңге;
  • 32 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіші 5.5 т жүк көліктері үшін – 1480 теңге;
  • 32 орыннан асатын автобустар мен жүк көтергіші 10 т жүк көліктері үшін —2250 теңгеге дейін;
  • жүк көтергіштігі 10-нан 15 т-ға дейінгі жүк көліктері үшін - 3020 теңге;
  • жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын жүк көліктері үшін — 3760 теңге.

Басқа ақылы жолдардағыдай, жолға іргелес ауыл тұрғындары үшін құны 7384-тен 36 920 теңгеге дейінгі айлық абонементтер және бағасы 3692-ден 369 200 теңгеге дейінгі жылдық жол жүру ақысы көзделеді.