26.08.2024, 14:01
Жаңалықтар
Қазақстанда тағы бір ақылы жол пайда болады
Құжатқа сәйкес, Балқаш қаласынан Тасарал ауылына дейінгі бағыт ақылы болады
Фото: motor.kz
«Ашық НҚА» порталында Көлік министрінің «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) Балқаш – Бурылбайтал ақылы негізде пайдалану туралы» бұйрығының жобасы шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құжатқа сәйкес, Балқаш қаласынан Тасарал ауылына дейінгі бағыт ақылы болады. 91 км жол үшін мынадай тариф белгілеу жоспарлануда:
- жеңіл автомобильдер үшін - 300 теңге;
- 16 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіші 2.5 т жүк көліктері үшін — 740 теңге;
- 32 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіші 5.5 т жүк көліктері үшін – 1480 теңге;
- 32 орыннан асатын автобустар мен жүк көтергіші 10 т жүк көліктері үшін —2250 теңгеге дейін;
- жүк көтергіштігі 10-нан 15 т-ға дейінгі жүк көліктері үшін - 3020 теңге;
- жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын жүк көліктері үшін — 3760 теңге.
Басқа ақылы жолдардағыдай, жолға іргелес ауыл тұрғындары үшін құны 7384-тен 36 920 теңгеге дейінгі айлық абонементтер және бағасы 3692-ден 369 200 теңгеге дейінгі жылдық жол жүру ақысы көзделеді.
Көп оқылған
24.04.2026, 09:57
«45 мыңнан астам доза»: Астана мен Абай облысында екі адам ірі көлемді есірткімен ұсталды
24.04.2026, 09:55
Жаңа көпір салтанатты ашылу сәтінде опырылып түскен: оның үстінде тұрған әкім өзенге құлап кетті (ВИДЕО)
24.04.2026, 11:57
«Балдызын мамырда, қалғандарын қарашада өлтірген»: Атырауда бұрынғы қайын жұртын қырып тастаған жігіттің есі дұрыс болып шықты
24.04.2026, 17:58
Павлодар мәслихатының төрағасы ресми шара кезінде әйел депутаттың бетінен шөлт еткізді (ВИДЕО)
24.04.2026, 10:06
Астананың үштен бірі ойын құмар ма: қаладағы лудомандардың саны 450 мың адамға жетуі мүмкін
24.04.2026, 11:39
Елімізде алдағы демалыс күндері қар аралас жаңбыр жауады – «Қазгидромет»