Жаңбыр, бұршақ, қатты жел: 3 тәулікке арналған күн райы

Автор: Молдатай Сымбат

Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады

Фото: depositphotos.com

«Қазгидромет» РМҚ баспасөз қызметі 2024 жылғы 27-29 тамыз аралығына ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады. Республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 29 тамызда қатты жаңбыр жауады деп күтіледі.

Қазақстан бойынша желдің күшеюі болжануда, елдің солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында дауыл мен бұршақ жауады.

«Сондай-ақ ауа температурасының біртіндеп көтерілуі болжануда: күндіз батыс өңірлерде 27-35 градусқа дейін, солтүстік-батыс облыстарда – 20-30 градус, солтүстікте – 17-25 градус, орталықта-18-28 градусқа дейін жылиды. Еліміздің шығысында температураның негізгі фоны - 18-28 жылу, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда ауа температурасы 22-30 дейін жылиды», - деп жазды синоптиктер.