Маңғыстау облысында тағы 3 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Өңірде барлығы 88 адамнан коронавирус анықталып, бір адам қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында COVID-19 жұқтырған тағы 3 адам тіркелді. Үшеуі де Бейнеу ауданының тұрғындары. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.

«Науқастардың бірі – «ТеңізШевройл» мекемесінде жұмыс істейтін 1983 жылғы ер адам. Вахтадан келген науқас бірден карантинге жатқызылып, одан сынама алынды. Алынған сынама ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Ол осыған дейін тіркелген науқастармен байланыста болған», - делінген хабарламада.

Ал екінші және үшінші науқас - 1992 жылғы және 1985 жылғы әйел адамдар. Қазір олардың вирусты қайдан және қалай жұқтырғаны анықталып жатыр.

Үш науқас та Бейнеу аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда. 

​6 мамырдағы жағдай бойынша өңірде барлығы 88 адамнан COVID-19 вирусы анықталды. Оның ішінде:

Ақтауда – 22

Жаңаөзенде – 18

Маңғыстау ауданында – 4

Мұнайлы ауданында – 3

Қарақия ауданында – 29

Бейнеу ауданында - 12 адам.

Өңірде қауіпті індеттен жазылып шыққандар саны 10 адамға жетті. Өкінішке қарай, 1 адам қайтыс болды.