26.08.2024, 04:00
Жаңалықтар
Қазақстандық әскери қызметші гіртасын көтеруден әлем чемпионатында алтын алды
Ержан Төлеубаев 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті
Фото: Қорғаныс министрлігі
Қырғызстанда гіртасын көтеру спорты бойынша өткен әлем біріншілігінде 18404 десанттық-шабуылдау әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Ержан Төлеубаев чемпион атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Жасөспірімдер, жастар, ересектер мен ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты Шолпаната қаласында өтіп жатыр. Оған әлемнің 13 елінен 350-ден астам спортшы қатысып, бақ сынады.
Ержан Төлеубаев 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті.
Ал екінші орынды Ресей елінің өкілі иеленсе, үшінші орынға Өзбекстаннан келген спортшы табан тіреді.
Бұл спортшының осы деңгейдегі жарыстарда олжалаған екінші алтыны екенін айта кеткен жөн.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
01.11.2026, 10:02
Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды