«256 медаль жеңіп алдық»: еліміз армрестлингтен әлем чемпионатында бірінші орын алды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның ішінде 82 алтын, 92 күміс және 82 қола иеленді

Фото: Armwrestling Kazakhstan/Instagram

Армреслингтен әлем чемпионаты Молдова Республикасының Кишинев қаласында өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ауқымды жарысқа әлемнің 61 елінен шамамен мың жарымға жуық қатысушы жиналды.

Чемпионат аясында жасөспірімдер, ересектер, параспортшылар және ардагерлер арасында жарыстар өтті.

Қазақстан құрамасы сапында Астана, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарынан келген 150 спортшы өнер көрсетті. Олар барлығы 256 медаль жеңіп алды.