Синоптиктер болжамы: Алматы мен Ақтөбе қалаларында ауа сапасы ластанады

Автор: Azattyq Rýhy

«Қазгидромет» арнайы хабарлама таратты

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК 25 тамыз күні еліміздің екі қаласында қолайсыз метеожағдайлар болуы мүмкін деп болжайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2024 жылдың 25 тамызында Алматы, Ақтөбе қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде», – деп хабарлады синоптиктер.

Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, баяу жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Ол пайда болған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы мүмкін.