Қазақстандық балуан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Автор: Azattyq Rýhy

 Едіге Қасымбек финалда америкалық спортшыға есе жіберді

Фото: Olympic.kz

Едіге Қасымбек Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Еркін күрестен 110 келі салмақта бақ сынаған Едіге финалда америкалық спортшыға есе жіберді.

Айта кетейік, бүгін 65 келіде Бақдәулет Әкімжан біріншіліктің қола медалін жеңіп алған болатын.