Мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды
Алматы облысының Талғар ауданы Талғар қаласында 20-35 жас аралығындағы әйел адам ағысы күшті суару каналына секіріп, болжам бойынша суицид жасаған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға туралы сол жерден өтіп жатқан куәгер хабарлаған.
«ҚР ТЖМ РЖҚЖ жедел тобы әйел адамды 10 сағат іздеп, шамамен құлаған орнынан 8 шақырым жерден денесін тапты. Мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды», - делінген хабарламада.