$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан азаматы Мәскеуде диверсия жасамақ болды деген күдікке ілінді

Күдікті дереу ұсталып, бөлімшеге жеткізілді

Қазақстан азаматы Мәскеуде диверсия жасамақ болды деген күдікке ілінді
Фото: SHOT Telegram каналы

Мәскеуде әскери комиссариатты телефонға түсірген Қазақстан азаматы ұсталды. Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, ол диверсия жасамақ болды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі SHOT Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға өткен сәрсенбі күні кешке болды. 47 жастағы мас адам Ресей астанасының Пресненский ауданында Мантулин көшесіндегі әскери комиссариатқа келіп, телефонымен әскери комиссариат ғимаратын түсіре бастаған. Күдікті дереу ұсталып, бөлімшеге жеткізілді.

Күдікті – Қазақстан азаматы Алексей Т. Ол Мәскеуге турист ретінде келіп, «Новотель» қонақүйіне тұрақтағанын айтты. Қонақ үй әскери комиссариаттан 17 минуттық жерде орналасқан.

Күдіктіден жауап алынып, оның диверсия жасауға көмектескен деген нұсқа қарастырылып отыр.

Серіктес жаңалықтары