Астана-Пхукет арасында енді тікелей рейс ұшады

Автор: Молдатай Сымбат

Air Astana рейстерін 26 қазаннан бастап ұшырады

Фото: istockphoto.com

Air Astana компаниясының рейстері 26 қазаннан бастап Астана мен Пхукет арасында тікелей қатынайды. Жолаушылар Airbus A321LR заманауи ұшағымен тасымалданады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жаңа әуе байланысы қазір қатынап жүрген Алматы-Пхукет-Алматы рейсіне қосымша ретінде қосылып отыр. Екі жаққа билет бағасы 334 144 теңгеден басталады. Билеттерді әуе компанияның сайтынан немесе Air Astana қосымшасынан сатып алуға болады.  

Таиланд корольдігі Қазақстан азаматтарына елде визасыз жүру құқығын 60 күнге дейін ұзартқанын еске саламыз.

Таиландта дәретханаға отырған ер адамның жыныс мүшесін жылан шағып алды

Тегтер: