Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Автор: Azattyq Rýhy

Өзге шаһарларда метеорологиялық жағдай қалыпты

Фото: istockphoto.com

Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 23 тамызда Алматы және түнде Атырау қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.