Негізсіз сыйлықақы, жалған диплом: ШҚО-да спорт саласында жемқорлық тәуекелдері анықталды

Azattyq Rýhy

Спорт басқармасына белгіленген тәуекелдерді жою бойынша тиісті ұсыным берілді

Негізсіз сыйлықақы, жалған диплом: ШҚО-да спорт саласында жемқорлық тәуекелдері  анықталды
Фото: depositphotos.com

Антикор Шығыс Қазақстан облысындағы спорт саласында бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстың Дене шынықтыру және спорт басқармасының, оған ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді.

«Соның нәтижесінде, елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Атап айтқанда, басқарма бюджет қаражатын ұтымсыз пайдаланып, сатып алынған қызметтер бойынша қаржылық құжаттама жасамаған. Қызметкерлерге негізсіз сыйлықақы беріліп, жаттықтырушылардың жалған дипломдарды пайдаланғаны анықталды. Сондай-ақ жалған оқу-жаттығу жиындарын өткізу фактілері де белгілі болып отыр», - деп хабарлады Антикордан.

Талдау қорытындысы бойынша спорт басқармасына белгіленген тәуекелдерді жою бойынша тиісті ұсыным берілді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.