Қостанай облысында суға кеткен баланың денесі табылмай жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Іздестіру жұмыстарына қайықтар мен дрондар да пайдаланылуда

Фото: Қостанай облыстық ТЖД

Қостанай облысында ТЖД қызметкерлері Тобыл өзеніне батып кеткен баланың денесін екі тәуліктен бері таппай жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қостанай облыстық ТЖД мәліметінше, 18 тамызда Козыревка елдімекенінде ер адам мен сегіз жасар бала Тобыл өзені бойындағы жардан өтіп бара жатқан. Кенеттен екеуі де өзенге құлайды. Ер адам судан өз бетімен шыққан, ал баланы су ағыны алып кеткен.

ТЖД мәліметінше, іздестіру жұмыстарына құтқарушылар мен еріктілер тартылып, қайықтар мен дрондар да пайдаланылуда.