«Өскеменде «маньяк» пайда болды»: ШҚО полициясы ақпаратты жоққа шығарды

Автор: Azattyq Rýhy

Қауесет саяжай аймағындағы әйел өлімімен байланысты болса керек

Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

«Өскеменде «маньяк» пайда болды». Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде осындай ақпарат тарады. ШҚО Полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жергілікті YK-news.kz басылымының жазуынша,  қауесет саяжай аймағындағы әйел өлімімен байланысты болса керек.

«Таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды және жалған. Әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске саламыз. Тек ресми дереккөздерге сеніңіз»,-деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.