$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.05.2020, 17:11
Жаңалықтар

Коронавирус инфекциясына кім тегін тест тапсыра алады

Коронавирус міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі тегін қызметке жатады

Коронавирус инфекциясына кім тегін тест тапсыра алады

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» басқарма төрағасының орынбасары Марат Шоранов сақтандыру жүйесі арқылы кімдердің коронавирус инфекциясына тегін тест тапсыра алатынын айтты.

«Коронавирус өте қауіпті инфекциялар қатарына жатады. Сондықтан оны анықтайтын тест кепілдендірілген тегін медициналық қызметтер көлеміне кіреді. Бас мемлекетті санитар дәрігердің қаулысы бойынша осы тестті міндетті түрде тапсыратын адамдар бар», - дейді ол.

Яғни, жүйті әйелдер, эндокринологиялық, кардиологиялық және пульмонологиялық аурулары бар адамдар жоспарлы түрде ауруханаға жатса, коронавирусқа тест тапсыруға міндетті.

Ал жөтеліп, дене қызуы көтерілген, жалпы коронавирус инфекциясын жұқтырдым деген күдігі бар адам міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қатысса, өзі тіркеуде тұрған емханадан тегін тест тапсыра алады.

Ал ұшаққа міндетін немесе дені сау болса да, сақтық шаралары үшін тест тапсырғысы келетін адамдар лабороториялардан ақылы тест өтеді.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары