Еліміздің бірқатар өңірінде қатты жел күтіледі
6 мамырға арналған ауа райы болжамы
Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
«Республиканың батыс, оңтүстік және шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр, оңтүстікте қатты жаңбыр, шығыста түнде жауын-шашын жауады. Кей жерлерде найзағай, желдің күшеюі, оңтүстікте дауыл, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстікте түнде және таңертен тұман күтіледі», - делінген хабарламада.
Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің күшейюі 15-20 м/с күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, желдің күшейюі 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, жел 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, желдің күшейюі 15-20 м/с, күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі.
Манғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл, жел 15-20 м/с күтіледі.
Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшейюі 15-20 м/с, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.
Шығыс Қазақстан, түнде және таңертен Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Нұр-Сұлтанда : көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыс бағыттардан жел соғады, күші 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде +1+3°С, топырақ бетінде үсік -2°С, күндіз +18+20°С.
Алматыда: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +6+8°С, күндіз +18+20°С.