Тоқаев Индонезия халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы Индонезия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Джоко Видодоны Индонезияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Индонезияның әлеуметтік-экономикалық бағыттағы зор жетістіктерін атап өтіп, екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бейілді екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы Президент Джоко Видодоның барлық игі бастамасына табыс, ал достас Индонезия халқына бақ-береке тіледі.