Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Елордада күндіз найзағай ойнауы мүмкін

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, кей өңірде дауыл тұруы ықтимал деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұлытау облысы

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 17 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысы

Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде сақталады. Қарағанды қ.: 17 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 17 тамызда күндіз найзағай күтіледі.

Маңғыстау облысы

Түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 17 тамызда түнде найзағай күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Абай облысы

Күндіз Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ: 17 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысы

Алматы қ.: 17 тамызда кей уақытта найзағай күтіледі. Қонаев қ.: 17 тамызда күндіз найзағай күтіледі.

Астана

Астана қ.: 17 тамызда күндіз найзағай күтіледі.

Жетісу облысы

Күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Талдықорған қ.: 17 тамызда күндіз қатты ыстық 35 градус күтіледі.

Атырау облысы

17 тамызда Атырау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 17 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысы

Ақмола облысының түнде батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 17 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі.

Ақтөбе облысы

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қ.: 17 тамызда күндіз найзағай күтіледі.

Түркістан облысы

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қ.: 17 тамызда күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Түркістан қ.: 17 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Қостанай облысы

Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай: 17 тамызда күндіз найзағай күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 17 тамызда найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысы

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 17 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысы

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, түнде облыстың таулы аудандарда, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. 17 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Тараз қ.: 17 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады күндіз екпіні 15-20 м/с. 17 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысы

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, күші 15-20 м/с. Павлодар қ.: 17 тамызда түнде найзағай күтіледі.