16.08.2024, 21:36
Жаңалықтар
Отандық компания Нариман Құрбановқа көлік сыйлады
Спортшы қолдаушыларына алғысын білдірді
Фото: Қазақстан Гимнастика Федерациясы
Қазақстандық гимнаст, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа отандық автокөлік компаниясы темір тұлпар сыйлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұған дейін Нариман Құрбановтың сыйсыз қалғаны қоғам арасында талқыға түскен болатын. Ал бүгін Қазақстан Гимнастика Федерациясы сүйінші жаңалықпен бөлісіп, спортшының көлік мінгенін хабарлады.
Өз кезегінде Нариман Құрбанов барша қолдаушыларына алғысын білдірді.
«Жеңісімнің отандық компаниялар тарапынан осылайша қолдау тапқанына қуаныштымын. Бұл сыйлық мені спорттық аренадағы жетістіктерімді одан әрі дамытуға және жаңа жеңістерге жетуге ынталандыра түседі», - деді Нариман Құрбанов.
Көп оқылған
27.08.2026, 17:55
«Бұқаңмен қосып піштіремін»: Ақтөбедегі танымал әдебиетші - ғалым малшыны аямай сабаған (ВИДЕО)
27.08.2026, 07:39
27 тамызда елімізде жаңбыр жауып, күн ыстық болады
27.08.2026, 17:50
«Коттедж пен цехтарда сабақ берген»: Қазақстандағы жекеменшік мектептердің былығы әшкере болды