Ластанған өнім өртеу арқылы жойылды
Астана халықаралық әуежайындағы фитосанитарлық бақылау пунктінде жүргізілген тексеру барысында Қытай Халық Республикасынан әкелінген 1600 гүлдің партиясынан карантиндік зиянкестермен ұқсас морфологиялық белгілері бар объектілер анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Іріктелген үлгілер карантиндік зертханалық сараптама жүргізу үшін Республикалық өсімдіктер карантині орталығына жіберілді. Сараптама қорытындысына сәйкес карантиндік объектінің батыс гүл трипсімен залалданғаны расталды.
Әкімшілік хаттама жасалып, іс сотқа жіберілді.
Ауданаралық мамандандырылған соттың шешіміне сәйкес ластанған өнім өртеу арқылы жойылды.