Ақша жинау 23 маусымға дейін жалғасады
Жақында Брюссельде «Коронавирусқа әлем болып жауап беру» акциясы жарияланып, қаржы жинау басталды. Онлайн конференцияның бірінші күні 7 млрд 400 млн еуро жиналды. Аталған акция екі аптаға созылады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Еурокомиссияның қолдауымен, акцияның ұйымдастырушылары — Еуропалық Одақ елдері және қауымдастыққа кірмейтін Ұлыбритания, Норвегия және Сауд Арабиясы елдері. Сондай-ақ акцияға Жапония, Канада, ОАР және басқа елдердің көшбасшылары қосылды.
ЕО елдері 1 млрд еуро бөлу туралы мәлімдеді. Норвегия билігі де 1 млрд АҚШ долларын береміз деп уәде етті.
«Біз бір адам қорғалған, енді бірі қорғалмаған түрлі әлемде өмір сүре алмаймыз. Бұл ортақ жауды жеңу ғана емес, сонымен қатар ортақ қауіпсіз болашақты құру мүмкіндігі. Ақша жинау процесі 23 мамырға дейін жалғасады», - деді ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.
Іс-шараның серіктестері ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Билл және Мелинда Гейтс қоры, Вакциналар мен иммундау бойынша жаһандық альянс және басқа да халықаралық құрылымдар қатысады.