Астанада бірден 14 автобус бағыты өзгереді

Автор: Молдатай Сымбат

Бұл қаланың басты даңғылының бірінде жол жабумен байланысты

Фото: freepik.com

Астанада Мәңгілік ел даңғылындағы қозғалыстың жабылуына байланысты 14 автобус бағыты өзгереді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сity Transportation Systems ЖШС баспасөз қызметі маршруттар қозғалысын жариялады.

«16 тамыз 00:00-ден (15-тен 16-ға қараған түні) 19 тамыз 06:00-ге дейін № 12, 15, 15А, 19, 21, 32, 35, 43, 46, 50, 55А, 55Б, 61, 70 маршруттарының схемасы уақытша өзгереді. Бұл өзгеріс LRT құрылысы бойынша жұмыстарға байланысты Сығанақ көшесінің қиылысында екі бағытта да Мәңгілік ел даңғылындағы қозғалыстың жабылуына байланысты», – делінген хабарламада.