«Құрманғазы» өткізу пунктінде жол төсемін жөндеу жоспарланған
ҰҚК Шекара қызметі 15-28 тамыз аралығында Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Құрманғазы» өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Көрсетілген кезеңде аумақта жол төсемін жөндеу жоспарланған. Осы мән-жайды ескеруді және қозғалыс бағдарын алдын ала түзетуді сұраймыз», - деп жазды ҰҚК.
Басқа пункттер штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ.