Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық сақталады

Автор: Azattyq Rýhy

Алайда кей аймақта жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал

Фото: istockphoto.com

Қазақстанның көптеген өңірлерінде 13 тамызда ауа райы ыстық болып, кейбір аймақтарда жаңбыр жаууы мүмкін. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда күн бұлтты болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Батыс және оңтүстік өңірлерде аптап ыстық сақталады, жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлытау облысы

Күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 13 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысы

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 13 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысының оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 13 тамызда оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астана

Астана қ.: 13 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Абай облысы

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ: 13 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, күндіз шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 13 тамызда түнде найзағай күтіледі.

Жетісу облысы

Күндіз Жетісу облысының басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Талдықорған қ.: 13 тамызда күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақтөбе облысы

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр, күндіз солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 13 тамызда кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысы

Түнде Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 13 тамызда түнде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысы

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай: 13 тамызда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысы

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, дауыл, облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 13 тамызда жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысы

Павлодар облысының оңтүстік-шығысында түнде найзағай, батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Павлодар қ.: 13 тамызда түнде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл. Түнде облыстың батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 13 тамызда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтілед. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с.

Маңғыстау облысы

Түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 13 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 13 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Түркістан облысы

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Алматы облысы

Күндіз Алматы облысының басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Алматы қ.: 13 тамызда күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады. Қонаев қ.: 13 тамызда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенші өрт қауіпі сақталады.