Құжат жобасы жария талқылауға шығарылды
ҚР Энергетика министрлігі электр энергиясына жаңа шекті тарифтерді бекітуді ұсынады. Тиісті бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрліктің хабарлауынша, баға өсімі энергия өндіруші ұйымдарға тәуелсіз электр энергиясын өндіруге арналған базалық шығындардың, атап айтқанда, отынға, жалақыға және жөндеу жұмыстарына арналған шығындардың ұлғаюымен байланысты.
2024-2025 жылдарға арналған жаңа шекті тарифтерді белгілеу ұсынылады:
Құжат жобасы 2024 жылдың 23 тамызына дейін жария талқылауға шығарылды. Қабылданған жағдайда бұйрық осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енеді.