Париж Олимпиадасының жабылу салтанатында Қазақстан туын кімдер алып шығады

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан құрамасының қоржынында жеті медаль бар

Фото: ҰОК

Париж Олимпиадасының жабылу салтанатында Қазақстан туын Эльжана Таниева мен Батырхан Төлеуғали алып шығады, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Эльжана Таниева көркем гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі. Париж Олимпиадасындағы көпсайыс қорытындысы бойынша 13-орын алып, өкінішке қарай финалға өте алған жоқ.

Батырхан Төлеуғали Қазақстан сапынан Олимпиадаға қатысып жатқан ең жас атлет. 18 жастағы спортшының бұл тұңғыш Олимпиадасы. Ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Батырхан италиялық қарсыласына есе жіберген еді.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы жазғы Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова алып шықты.