Париж-2024: Әмір Закиров ширек финалда өнер көрсетеді

Автор: Azattyq Rýhy

Раундтар бойынша есеп: 2-0

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Брейкингтен командамыздың көшбасшысы Әмір Закиров Париж Олимпиадасында Quake (Қытайдың Тайпейі) лақап атты спортшыны сенімді ұтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Раундтар бойынша есеп: 2-0 (6-3, 7-2).

Осылайша, отандасымыз D тобында 3 батлға шығып, 2 жеңістің арқасында ширек финалға жолдама алды.

Плей-офф кезеңі біраздан кейін басталады.