ТМД елдері арасында ең қымбат мектеп формасы Қазақстанда – зерттеу

Автор: Azattyq Rýhy

Ең арзан мектеп формасы Әзербайжанда тіркелген

Фото: istockphoto.com/Rafael_Wiedenmeier

ТМД елдері арасында ең қымбат мектеп формасы Қазақстанда екені анықталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Геостатистика Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа оқу жылы қарсаңында экономистер балаларды мектепке дайындау үшін қанша ақша қажет болатынын есептеді.

Баға мониторингі көрсеткендей, ең арзан мектеп формасы Әзербайжанда тіркелген. Орта есеппен шығын – 10 989 теңге.

Мектеп формасының қымбаттығы бойынша Қазақстан көш бастап тұр – 71 429 теңге.

Елдер бойынша мектеп формасының құны төмендегідей:

  • Әзербайжан – 10 989 теңге;
  • Армения – 22 527 теңге;
  • Қырғызстан – 32 967 теңге;
  • Ресей – 46 703 теңге;
  • Беларусь – 54 945 теңге;
  • Қазақстан – 71 429 теңге.

Мектеп формасынан басқа, оқушыларға сөмке мен өзге де кеңсе тауарларын алу қажет. Арзан рюкзактың құны – 5 мың теңге шамасында, ал қажетті кеңсе тауарларының ең аз жиынтығының құны – 5 165 теңге. Осылайша, баланы мектепке жинау үшін ата-аналар шамамен 82 мың теңгеге (дене шынықтыру формасын, ауыстырылатын аяқ киімді және т.б. сатып алуды есептемегенде) шығындалуға мәжбүр болады.