Теміртауда 12 жастағы қыз бала төртінші қабаттан құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқыс оқиға өткен түнде болды

Фото: Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Теміртауда 12 жастағы қыз бала көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы терезеден құлап кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға өткен түнде болған. Жарақат алған қыз бала ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы белгісіз, әзірге хабарланған жоқ.

Айта кетейік, жуырда Рудныйда терезеден құлап кеткен баланың анасына айыппұл салынған болатын.