Еліміздің бірнеше өңірінде тамыз айында құрғақшылық болады

Автор: Azattyq Rýhy

Елдің қалған бөлігінде ылғалды ауа райы қалыпты жағдайға жақын болады

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі Қазақстанның 2024 жылдың тамыз айына арналған құрғақшылық болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соңғы болжамға сәйкес тамыз айында Қазақстан аумағында атмосфералық ылғал елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында жекелеген аудандарда орташа ылғалды болады деп күтілуде.

Вегетациялық кезеңде жауын-шашын тапшылығы байқалатын Қостанай, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарының жекелеген аудандарында құрғақшылық болжанып отыр.

Тамыз айында мына өңірлер орташа ылғалды болады деп күтіліп отыр:

  • Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде;
  • Қостанай облысы;
  • Ақмола облысы;
  • Павлодар облысы; 
  • Ақтөбе облысының Әйтеке би, Қарғалы, Мұғалжар және Хромтау аудандарында;
  • Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай және Құршым аудандарында.

Ал орташа құрғақ жағдайлар:

  • Балқаш ауданының оңтүстік бөлігінде және Алматы облысы Жамбыл ауданының солтүстік бөлігінде;
  • Жамбыл облысының Мойынқұм және Талас аудандарында;
  • Қызылорда облысының Қармақшы ауданында. 

Елдің қалған бөлігінде ылғалды ауа райы қалыпты жағдайға жақын болады деп күтілуде.