«Көліктердің терезесі сынды»: Астанада бұршақ аралас жаңбыр жауды

Автор: Azattyq Rýhy

Елордалықтар әлеуметтік желіде видеолар жариялауда

Бейнеден кадр

Астанада жауған бұршақ көліктердің терезесін сындырып, төбесін майыстырып тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін кешкі уақытта Астанада бұршақ аралас жаңбыр жауып, жұртты әбігерге түсірді. Жұртшылық жаңбыр мен бұршақ жауған сәттің бейнежазбаларын желіде жарыса жариялап жатыр.

Көлемі үлкен бұршақтар көліктердің терезесін сындырып, төбесін майыстырып жіберіпті.

Сондай-ақ, жаңбырдан кейін кей көшелерге су толып кеткен.