«Қазпошта» теміржол билеттерін сатуды қайта бастады

Молдатай Сымбат

Теміржол билеттерін сату және қайтару Қазпоштаның 2 000 бөлімшесінде қолжетімді

«Қазпошта» теміржол билеттерін сатуды қайта бастады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

«Қазпошта» АҚ және «Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол билеттерін сату және қайтару бойынша қызметтің қайта жанданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Енді клиенттер пойызға билеттерді сатып алып, бағыттарды таңдау бойынша тікелей «Қазпошта» бөлімшелерінен консультация ала алады. Бұл бастама, әсіресе, шалғай өңірлер тұрғындары үшін маңызды.

«Шалғай аудандардың тұрғындары билеттерді онлайн сатып алуды әрдайым пайдалана алмайды және олардың тарапынан бұл қызмет сұранысқа ие. Билеттер Қазпошта бөлімшелерінде, сондай-ақ теміржол вокзалдарындағы кассаларда және «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми сайтында сатылады», - деді «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова.

Теміржол билеттерін сату және қайтару бойынша қызмет ел бойынша «Қазпошта» АҚ-ның 2000-нан астам бөлімшесінде қолжетімді. Клиенттер өздеріне ыңғайлы күндер мен бағыттарға билеттерді оңай және тез сатып ала алады, ал қажет болған жағдайда билеттерді қайтара алады.

Бұған қоса «Қазпошта» АҚ жақын арада QazPost App мобильді қосымшасы арқылы теміржол билеттерін сату және қайтару бойынша жаңа онлайн-сервисті іске қосуды жоспарлап отыр. Жаңа сервис интуитивті және ыңғайлы болмақ, бұл клиенттерге қажетті билеттерді тез табуға және оңтайлы бағыттарды таңдауға мүмкіндік береді. Қосымша пойыздардың кестесін, билеттердің болуы туралы ақпаратты, олардың құнын және ерте брондау мүмкіндігін қамтитын болады, - деді Әсел Жанасова. 

«Қазпошта» АҚ бөлімшелер арқылы темір жол билеттерін сатуды жандандыру және жаңа онлайн-сервисті іске қосу көптеген клиенттерге айтарлықтай жеңілдіктер мен ыңғайлы болатынына сенімді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.