Алматыда өзбекстандық университет филиалы ашылды

Автор: Молдатай Сымбат

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті Шыршық қаласында филиалын ашты

Фото: Ақорда

Ақордада бейнебайланыс режимінде Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің қатысуымен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Шыршық қаласындағы филиалының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сондай-ақ «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университеті Алматы қаласында филиалын ресми ашты.

Мемлекеттер басшыларына жаңа филиалдардың қызметі туралы бейнеролик көрсетілді.

Шара барысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Өзбекстанның Білім министрі Конгратбай Шарипов екі елдің ғылым-білім саласындағы ынтымақтастығы жөнінде баяндама жасады.